388,28 427,67 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Сансызбаева ауыр атлетикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

  • 152
А.Сансызбаева ауыр атлетикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Ауыр атлетикадан Солтүстік Кореяда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны күміс жүлдемен толықты деп хабарлайды Olympic.kz. 

87 келіден жоғары салмақта сынға түскен Айсамал Сансызбаева турнирдің күміс жүлдегері атанды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 241 келіні бағындырды.  Алтын жүлдені 277 келі көрсеткішмен Оңтүстік Корея өкілі Сеонми Ли жеңіп алды. Үшінщі орында вьетнамдық Ха Пхонг Хо Тхи (191 келі). 

Хабар 24 телеарнасы