419,02 492,14 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің боксшылары Токиодағы турнирге қатысады

  • 525
  • UPD: 23:25, 27.10.2019
Еліміздің боксшылары Токиодағы турнирге қатысады

28 қазан күні Жапония астанасы Токиода бокстан Олимпиада қарсаңындағы халықаралық турнир өтеді деп хабарлайды Olympic.kz. 

Аталған турнирге Ғалымбек Кенжебаев баптайтын Қазақстан құрамасы да қатысады. Күншығыс елінде Қазақстан Сәкен Бибосынов (52 келі), Санатәлі Төлтаев (63 келі), Айбек Оралбай (91 келі) және Римма Волосенко (60 келі) қорғайды. 

Айта кетейік, Қазақстан сапынан сынға түсетін Сәкен Бибосынов жақында Екатеринбургте өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған болатын.

Хабар 24 телеарнасы