388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Футзал: Қазақстан құрамасы элиталық топқа жолдама алды

  • 256
  • UPD: 10:08, 28.10.2019
Футзал: Қазақстан құрамасы элиталық топқа жолдама алды Footboom.com

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатының элиталық тобына жолдама алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

2020 жылғы әлем біріншілігінің негізгі іріктеу кезеңі Румынияда өтті. Қазақстан құрамасы алдымен Албанияны 4:0 есебімен жеңді. Сосын Нидерланд құрамасымен кездесіп,  басым түсті. Үлкен футболда кеткен есені футзалшылар қайтарып, қарсыластар қақпасына бес доп соқты. Соңғы турда жерлестеріміз алаң иелері Румыниядан айласын асырды. Есеп – 4:2. Біржан Оразов мергендік танытқан матчта Тайнан хет-триктің авторы атанды. Элиталық топтың іріктеу ойындары 2020 жылдың 28 қаңтарында басталады. 

Хабар 24 телеарнасы