378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


18 жастағы боксшы Нұрдос Төлебай Дубайда жекпе-жекке шығады

  • 516
  • UPD: 13:19, 28.10.2019
18 жастағы боксшы Нұрдос Төлебай Дубайда жекпе-жекке шығады kaz.vesti.kz

Орта салмақтағы 18 жасар қазақстандық боксшы Нұрдос Төлебай 22 қарашада Нұрдос Дубайдағы Rotunda Rumble II турнирінде жұдырықтасады, деп хабарлады MTK Kazakhstan.

Біріккен Араб Әмірліктеріндегі бокс кешін MTK Global компаниясы ұйымдастырып отыр. Бұл шоуда бірінші орта дивизиондағы 25 жастағы Абылхайыр Шегалиев (7-0, 4 КО) те жекпе-жек өткізеді.

Айта кетсек, Төлебай кәсіпқой мансабын 12 қазан Алматыда бастап, төрт раунд қорытындысы бойынша 22 жастағы грузиялық Торник Канделакиді (4-6, 3 КО) төрешілердің бір ауыздан шыққан шешімімен жеңген еді. Ал әуесқойда түркістандық боксшы Қазақстанның жастар чемпионатының финалына дейін жеткен. 

 

Хабар 24 телеарнасы