385,01 426,40 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жеңіл атлетикадан ұлттық құрама бапкерінің есімі белгілі болды

  • 291
  • UPD: 15:50, 28.10.2019
Жеңіл атлетикадан ұлттық құрама бапкерінің есімі белгілі болды prosports.kz

1 қарашадан бастап Жеңіл атлетикадан ұлттық құрама бапкері қызметтін ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Дмитрий Карпов атқарады, деп хабарлады Prosports.kz

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының бас хатшысы Асхат Сейсембеков ұлттық құраманың бас бапкері Ерлан Ыбырайымның қызметінен кетуіне қатысты пікірін білдірді. 

«Төтенше ештеңе болған жоқ. Ақпан айынан бастап ол бізде спорт директоры болып жұмыс істеді. Ибраим бас бапкер қызметін шілде айында бастады. Бастапқыда атқарушы комитеттің шешімімен біз оған бас бапкердің міндетін атқарушы болып жұмыс істеуге кеңес бердік. Дохадағы Әлем кубогынан кейін біз команданың нәтижелеріне жан-жақты талдау жасадық. Ерлан Ибраимның өкілеттігін тоқтату атқарушы комитеттің шешімі болды», - деді Асхат Сейсембеков.

 

Хабар 24 телеарнасы