385,01 426,40 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысындағы ауылда зәулім спорт кешені ашылды

  • 166
  • UPD: 09:40, 29.10.2019
Түркістан облысындағы ауылда зәулім спорт кешені ашылды

Түркістан облысындағы шағын ғана Шаян ауылында үлкен спорт кешені жұмыс істейді.

«Бұған дейін Бәйдібек ауданында мұндай жабық теннис корты мен жүзу бассейні болмаған» дейді ауыл тұрғындары. Сондықтан олар бұрын мұндай нысандар қалалық жерлерде бой көтеріп, шаһарда өмір сүретін жастар үшін ғана қолжетімді болғанын айтады. Енді, міне, ауыл жастары тек күрес, бокспен емес, спорттың өзге де түрлерімен емін-еркін айналыса алады. Жалпы құны 1,3 млрд теңге болатын кешенді өткен жылы демеушілер салып берген. Жабық теннис кортында барлық жағдай жасалған. Ал  бассейнде бір ауысымда 32 адам жүзу спортымен машықтана алады. Сондай-ақ нысан жанында спорттың волейбол, баскетбол, футбол, теннис түрлері мен спорт залдарына арналған ашық алаңшалар жұмыс істейді. 

Садуақас Мүсіралиев, спорт кешенінің жаттықтырушысы:

- Бұрын-соңды болмаған жүзу түрлері ашылып жатыр. Үлкен теннис, таэквондо, каратэ бар. 35 бапкер жұмыс істейді. Мыңға жуық болашақ чемпиондар жатығады. Салауатты өмір салтын сақтау үшін бар күшімізді салудамыз.

Хабар 24 телеарнасы