422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шорт-трекшілер әлем кубогіне қатысу үшін АҚШ-қа барды

  • 545
  • UPD: 14:56, 29.10.2019
Шорт-трекшілер әлем кубогіне қатысу үшін АҚШ-қа барды olympic.kz

1-3 қараша күндері АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында шорт-тректен 2019-2020 жылғы маусымдағы әлем кубогінің алғашқы кезеңі басталады. Аталған бәсекеде қазақстандық спортшылар да бақ сынайды деп хабарлады Olympic.kz.

Команда бас бапкері Мәдіғали Қарсыбеков әлемдік бәсеке алдында өз пікірімен бөлісті. 

«Былтырғы маусымда АҚШ-тағы әлем кубогі кезеңіне қатыса алмаған едік. Биыл виза мәселесін реттеп, Америкаға келдік. 1 қарашада Солт-Лейк-Ситиде өтетін әлем кубогі кезеңінде бақ сынаймыз. Кейін Канаданың Монреаль қаласына аттанамыз. Әлем кубогінің үшінші және төртінші кезеңдері Азия құрлығында, Жапония мен Қытайда өтеді. Сол сындарға өз елімізде жаттығамыз. Өткен маусымда жарақатына байланысты біраз турнирден сырт қалған Абзал Әжіғалиев қатарға қосылды»,  - дейді бас бапкер. 

Айта кетсек, АҚШ-тағы кубоктік кезеңнен соң әлемдік дода 8-10 қараша күндері Канаданың Монреаль қаласында жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы