384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада мұғалімдер спартакиадасы басталды

  • 317
  • UPD: 15:51, 29.10.2019
Елордада мұғалімдер спартакиадасы басталды

Елімізде 3 млн бала мектеп қабырғасында оқиды. Олардың салауатты өмір салтын ұстанып, дене шынықтырумен айналысуына мұғалімдер көп әсер етеді.

Ұстаздар қауымының абырой-беделін арттыру мақсатында биыл алғаш рет мұғалімдер спартакиадасы ұйымдастырылды. Білім және ғылым министрлігі ұйытқы болған спорт сайысына еліміздің әр аймағынан іріктеліп, үздік шыққан командалар келді. Тек Шымкент қаласы мен Батыс Қазақстан облысы бұл жарыстан сырт қалды. 400 мұғалімнің басын қосқан спартакиада ойындары спорттың үш түрінен өтіп жатыр. Жігіттер шағын футболда бәсекеге түссе, әйелдер волейболдан жеңімпаздарды анықтайды. Ал баскетболда аралас команда өнер көрсетеді. Бұл спорт түрлері мектептерде жақсы тараған. Сондықтан спартакиада бағдарламасына еніп отыр екен.     

Садық Мұстафаев, ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының директоры:

- Жақсы уақытты да таптық, өйткені қазір мектептерде демалыс. Осы мезгілде мұғалімдердің бос уақытын пайдаланып және де мұғалімдердің бір-бірімен танысып, араласып, істеп жатқан жұмыстары туралы бөлісу деген мақсатта, оның үстіне бірінші спартакиада жеңімпазы болған мұғалімдердің мәртебесін көтеруге өз себебін тигізеді.

Хабар 24 телеарнасы