388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Юсуп Батырмурзаев әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

  • 134
  • UPD: 10:26, 31.10.2019
Юсуп Батырмурзаев әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Будапештте күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионаты жалғасуда. Қазақстандық балуан Юсуп Батырмурзаев әлем біріншілігінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz сайты.

Дүниежүзілік біріншіліктің жұбаныш белдесуінде Батырмурзаев Молдова спортшысы Самхана Джабраиловадан басым түсті. Кіші финалда ол грузиялық күрес шебері Зурико Урташвилиді 13:2 есебімен жеңіп, жарыстың қола жүлдесіне ие болды.

Айта кетейік, дәл осы әлем чемпионатында тағы бір қазақстандық балуан Адлан Асқаров ел қоржынына күміс жүлдені салған болатын.

Хабар 24 телеарнасы