388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде екі алтынды қанжығаға байлады

  • 154
  • UPD: 17:38, 31.10.2019
Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде екі алтынды қанжығаға байлады olympic.kz

Бокстан Токиода өткен халықаралық турнирде қазақстандық спортшылар 4 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған додаға қатысуға Қазақстаннан 4 спортшы шақырту алып, төртеуі де жеңіс тұғырына көтерілді.

52 келіде Сәкен Бибосынов жапониялық қарсыласынан басым түсіп, ел қоржынына бірінші алтынды салды. 91 келіде шаршы алаңға шыққан Айбек Оралбай жарыста қарсылас шақ келтірмей, екінші алтынды елге тарту етті. Ал 63 келіде Санатәлі Төлтаев күміс жүлдегер атанды. Ол финалда Үндістан спортшысына есе жіберді.

Қыздардан Рима Волосенко финалда бразилиялық қарсыласынан жеңіліп, күмісті қанағат тұтты.

Хабар 24 телеарнасы