432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Левитті Олимпиадада жеңген боксшы Ақбербаевты нокдаунмен ұтты

  • 610
  • UPD: 22:51, 02.11.2019
Левитті Олимпиадада жеңген боксшы Ақбербаевты нокдаунмен ұтты

Қазақстандық боксшы Иса Ақбербаев (20-0, 15 КО) Ресейде жергілікті спортшы Евгений Тищенкомен (5-0, 3 КО) жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен бокс кешінде Иса Ақбербаев жетінші раундта жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Ал бесінші раундта қазақстандық боксшы нокдаунға түсті.

Осылайша Евгений Тищенко чемпиондық белбеуін қорғап, мансабында алтыншы жеңіске жетті. Ал Иса Ақбербаев алғаш рет жеңіліске ұшырады.

Хабар 24 телеарнасы