388,28 427,67 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Велоспорттан әлем кубогі: қазақстандық спортшылардың нәтижесі

  • 165
Велоспорттан әлем кубогі: қазақстандық спортшылардың нәтижесі Olympic.kz

Беларусь астанасы Минскте тректегі велоспорттан әлем кубогі кезеңі өтіп жатыр.

Аталған сынға қазақстандық велошабандоздар да қатысуда. 

Ерлер арасында өткен «скретч» бәсекесінде қазақстандық Әлішер Жұмақан іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, финалға жолдама алған болатын.  Финалдық бәсекені Әлішер 19-шы орынмен аяқтады. Бұл сында Беларусь, Испания және АҚШ спортшылары өзара жүлде бөліскен.  «Кейриннен» ерлер арасындағы сында Сергей Пономарев ақтық сынға өте алмады. Өз тобында үшінші нәтиже көрсеткен ол жұбаныш бәсекесінде де финалдан сырт қалды.  Ал «омниумнан» өткен жарыста қазақстандық Артем Захаров 14-ші орын иеленді. Ол 53 ұпай жинаған. Бұл бәсекеде 163 ұпай алған ұлыбританиялық Мэтью Уилсс жеңімпаз атанды.

Ақпарат көзі: Olympic.kz

Хабар 24 телеарнасы