385,01 426,40 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Альварес: Головкин мені қызықтырмайды

  • 233
Альварес: Головкин мені қызықтырмайды Prosports.kz

Орта, екінші орта және жартылай ауыр салмақ дәрежелері бойынша әлем чемпионы Сауль Альварес ресейлік Сергей Ковалевті жеңгеннен кейін IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкинмен өтуі мүмкін жекпе-жек туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мұнда келіп, маған қолдау білдіргендерге алғыс білдіремін. Осындай жеңіске жетіп, тарихқа атымды қашап жазғаныма ризамын. Сіздерге айтарым, сабырлы болыңыздар, себебі, «Канело» - бұл кепілдік! Головкинмен жекпе-жек дейсіз бе? Менің оған құлқым жоқ, алайда бизнес хақында жақсы ұсыныстар болса, көрерміз», - деді Альварес жекпе-жектен кейін.

Еске сала кетейік, бүгін Лас-Вегастағы MGM Grand кешенінде өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде Сауль Альварес пен Сергей Ковалев кездескен болатын12 раундқа жоспарланған жекпе-жек 11 раундта аяқталды. Сауль Альварес Сергей Ковалевті нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті. Осылайша Канело төртінші салмақ дәрежесінде чемпион атанып отыр.

Хабар 24 телеарнасы