424,64 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Абзал Әжіғалиев – әлем кубогінің қола жүлдегері

  • 1260
  • UPD: 09:23, 04.11.2019
Абзал Әжіғалиев – әлем кубогінің қола жүлдегері

Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) шорт-тректен әлем кубогінің бірінші кезеңі аяқталды.

Қазақстандық спортшы Абзал Әжіғалиев жарыстың қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. Абзал Әжіғалиев 500 м қашықтықты 39.881 уақытта жүріп өтіп, қоржынға қола жүлдені салды.  

Айта кетерлігі, мұндай нәтиже осы қашықтықта Қазақстан рекордын жаңартты. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды У Дацзин (Қытай) алды. Екінші орынға Венгрия спортшысы Шандору Шаолиню Лю ие болды.


1000 м қашықтық бойынша сынға түскен қазақстандық спортшы жарысты 10-орынмен аяқтады. Финалда ол пенальти алды. Қазақстан құрамасынан тағы бір спортшы Мерсаид Жақсыбеков мұзға шығып, ол да пенальти алды.

Хабар 24 телеарнасы