384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Арыстан» клубының жүлдесі Оңтүстік Кореяға бұйырды

  • 268
  • UPD: 15:05, 05.11.2019

Алматылық «Арыстан» балалар футбол клубы Өзбекстан мен Ресей және Қырғызстан мен оңтүстіккореялық командаларды қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әр түрлі жас ерекшеліктері бойынша биыл «Арыстан» кубогын 64 команда сарапқа салды. Бір аптаға созылған жарыс еліміздегі балалар футболының деңгейі қай шамада екенін көрсетіп берді. 12 жастағы өрендер арасында Оңтүстік Кореяның «Шенжун» командасы оза шапты. Ал 11 жастағылар арасында Өзбекстанның «Локомативі» топ жарса, 10 мен 9 жастағы өрендер сайысында Алматының «Қайраты» мен «Астана» командасы топ жарды.

Бейбіт Құлыбеков, «Арыстан» клубының бас бапкері:

– Осындай жарыстар бізге өте керек. Қазақстанның командалары шетелге шыға бере алмайды. Сол үшін біз Алматыда жинап, осындай жарыс арқылы деңгейлерін көтеріп, болашақта Қазақстан құрама командасының намысын қорғайтын мықты жігіттер осындай жарыстардан өседі.

Хабар 24 телеарнасы