384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аргентиналық боксшы жол апатынан қаза тапты

  • 199
Аргентиналық боксшы жол апатынан қаза тапты РБК-Украина

Екінші орта салмақтағы WBO Latino тұжырымы бойынша чемпиондық белбеудің иесі, 44 жастағы аргентиналық боксшы Леонардо Хавьер Гонсалес жол-көлік оқиғасынан қаза тапты, деп жазады Prosports.kz. 

Оқиға Аргентинаның Тигре қаласында болған. Спортшы жолаушы отыратын орындықта отырған. Оның досы жүргізіп келе жатқан көлік үлкен жылдамдықпен көше шамының бағанына соғылған. Леонардо оқиға орында жан тапсырса, жүргізуші бірнеше жерден жарақаттанып, ауруханаға жеткізілген.

Гонсалес кәсіпқой рингте 1995-2013 жылдар арасында 20 жекпе-жек өткізген. Оның 15-нде жеңіске жеткен, бес рет жеңіліске ұшыраған.

Хабар 24 телеарнасы