384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Камил Шеремета Головкинмен кездесуге дайын екенін айтты

  • 216
  • UPD: 15:19, 05.11.2019
Камил Шеремета Головкинмен кездесуге дайын екенін айтты prosports.kz

Польша боксшысы Камил Шереметаның менеджері Андрей Василевский әлем чемпионы Геннадий Головкинмен жекпе-жек туралы айтты.

Поляк боксшысы EBU чемпиондық атағын қорғауды жоспарлап жүрген. Алайда оған Головкинмен кездесуге мүмкіндік туып тұр. Ол бұл мүмкіндікті жіберіп алғысы келмейді, деп жазды Prosports.kz.

«Біз дайынбыз. Камил Шеремета - өте жігерлі спортшы. Ол GGG сияқты аңызбен кездесуді армандайды. Бұл оның мақсаты», - деді Василевский.

Менеджердің айтуынша, жекпе-жек 8 немесе 29 ақпанда Чикагодағы Wintrust Аренасында өтуі мүмкін. 

Хабар 24 телеарнасы