384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан құрамасына шақырту алған футболшылар тізімі жарияланды

  • 222
  • UPD: 16:31, 05.11.2019
Қазақстан құрамасына шақырту алған футболшылар тізімі жарияланды

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Михал Билек қараша айында өтетін ойындарға шақырылған футболшылардың есімдерін жариялады.

Тізімге 23 футболшы енді:

Қақпашылар: Дмитрий Непогодов («Ордабасы»), Стас Покатилов («Қайрат»), Игорь Шацкий («Шахтер»);

Қорғаушылар: Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко, Дмирий Шомко (барлығы – «Астана»), Нұралы Әліп, Ғафуржан Сүйімбаев (екеуі де – «Қайрат»), Александр Марочкин («Қайсар»), Темірлан Ерланов, Сергей Малый (екеуі де – «Ордабасы»), Олжас Керімжанов («Жетісу»), Ян Вороговский («Беерсхот», Бельгия);

Жартылай қорғаушылар: Юрий Перцух («Астана»), Айбол Әбікен, Георгий Жуков, Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат (барлығы – «Қайрат»), Асхат Тағыберген («Қайсар»), Бактиер Зайнутдинов («Ростов», Ресей);

Шабуылшылар: Максим Федин («Тобыл»), Алексей Щеткин («Ордабасы»), Абат Айымбетов («Ақтөбе»).

Резерв: Владимир Плотников, Еркебұлан Сейдахмет (екеуі де – «Қайрат»), Асланбек Кәкімов («Ақтөбе»), Серікжан Мужиков, Роман Муртазаев, Сергей Хижниченко (барлығы – «Астана»), Аслан Дарабаев, Еркін Тапалов, Айбар Жақсылықов (барлығы - «Жетісу»), Думан Нәрзілдаев («Қайсар»), Марат Быстров, Тимур Досмағамбетов, Тоқтар Жаңғылышбай (барлығы – «Ордабасы»), Виктор Дмитренко, Азат Нұрғалиев, Бауыржан Тұрысбек, Руслан Валиуллин, Дмитрий Мирошниченко (барлығы – «Тобыл»), Геворг Наджарян («Шахтер»).    

Жаттықтырушылар штабы: Михал Билек – бас бапкер, Михал Хипп – бас бапкердің көмекшісі, Талғат Байсуфинов – бас бапкердің көмекшісі, Николай Родионов – қақпашылардың жаттықтырушысы, Марат Еслямов – дене даярлығы бапкері, Тадеуш Переход – дәрігер, Евгений Карнаухов – массажист, Алексей Гудзев – массажист, Дмитрий Николаев – массажист, Тимур Құсайынов – сарапшы, Бауыржан Елденбаев – видеооператор, Максим Шауберт – администратор, Дінмұхамед Оралов – кит-менеджер, Нүркен Мырзағалиев – медиа-офицер.

Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда екі ойын өткізеді. 16 қараша күні Сан-Марино құрамасымен ойнайды. Ал 19 қараша күні Шотландиямен кездеседі.

Ақпарат көзі: ҚФФ баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы