388,28 427,67 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чемпиондар лигасы: бүгін сегіз кездесу өтеді

  • 131
  • UPD: 09:27, 06.11.2019
Чемпиондар лигасы: бүгін сегіз кездесу өтеді

Алдағы аптадан бастап Қазақстан ұлттық құрамасы Еуро-2020 іріктеу турниріне дайындықты бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бас бапкер Михаил Билек іріктеу кезеңіндегі соңғы екі кездесуге қатысатын футболшылар тізімін жариялады. Қақпашылар қатарында Дмитрий Непогодов, Стас Покатилов және Игорь Шацкий бар. Қорғаушылар шебінде өзгеріс жоқ. Жартылай қорғаныста «Қайрат» ойыншылары жүр. Сонымен қатар, «Астаналық» Юрий Перцух пен «Қайсарлық» Асхат Тағыберген және Ресей «Ростовының» футболшысы Бақтиер Зайнутдинов та алдағы кездесулерге дайындалады. Шабуылда Максим Федин, Алексей Щеткин, Абат Айымбетов бар. Қазақстан қарашаның 16-да Сан-Мариномен алаңға шықса, араға үш күн салып, Шотландияға қонаққа барады.   

Чемпиондар лигасының төртінші тур ойындары өтті

Чемпиондар лигасының қазіргі жеңімпазы «Ливерпуль» төртінші турда «Генкті» қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Юрген Клопп шәкірттері тоғыз ұпаймен өз тобында көш бастады. Бұл топтағы «Наполи» «Зальцбургпен» тең түсті. Есеп:1:1. «Барселона»- «Славия» қақпасына гол соға алмады. Дортмунд «Боруссиясы» «Интердің» осал тұсын тапты. Есеп: 3:2. «Зенит» өз алаңында «Лейпцигке» есе жіберсе, «Лион»  «Бенфиканы» жеңді. «Челси» мен «Аякс» тең ойнады. Бұл матчта 4:4 нәтижесі тіркелді. «Валенсия» «Лиллден» айласын асырды.

Чемпиондар лигасы: бүгін сегіз кездесу өтеді

Бүгін Еуропа алаңдарында УЕФА чемпиондар лигасының тағы сегіз кездесуі өтеді. Мадридтің «Атлетикосы» Леверкузеннің «Байеріне» қонаққа келді. Диего Симеоне шәкірттері үшінші турдан кейін 7 ұпаймен екінші орында келеді. Топ басындағы «Ювентустың» де еншісінде жеті ұпай бар. Турин клубы Мәскеуде «Локомотивпен» ойнайды. «Байер» әзірге ұпай жинаған жоқ. Сондықтан неміс командасы «Атлетикодан» айласын асыруға тырысады. Алаң иелері сапында жарақатына байланысты Бендер жоқ. «Атлетико» Феликс пен Врсалькоға сенім арта алмайды. Хименес пен Савичтің де жағдайы белгісіз.

Жастар арасында қорытынды турнир басталды

Италияның Милан қаласында жас теннисшілер арасында жылдың қорытынды турнирі басталды. Ұтыс қоры 1 млн 400 мың долларды құрайтын жарысқа әлемдік рейтингтегі үздік сегіз ойыншы қатысады. Бүгін алғашқы айналымдағы кезедсулер өтті. Австралиялық Алекс де Минаур испан жігіті Алехандро Давидович-Фокинадан басым түсті. Сербиялық Миомир Кецманович Норвегиялық Каспер Руудты жеңді. Миландағы турнир бес сетқа дейін созылады. Партия төрт геймнен кейін аяқталады.

Хабар 24 телеарнасы