387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкинге ресми түрде қарсылас белгіленді

  • 558
  • UPD: 09:30, 07.11.2019
Головкинге ресми түрде қарсылас белгіленді

Геннадий Головкиннің тең промоутері Эдди Хирн халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшыны орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуін қорғауға міндеттегенін айтты, деп Қазақпарат Sports.kz.сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Головкиннің келесі қарсыласы ешқашан жеңіліп көрмеген поляк боксшысы Камил Шеремета болмақ. Айқас ақпанда Чикагодағы (АҚШ) Wintrust Arena-да өтуі тиіс.

Еске салайық, Головкин IBF белбеуін 5 қазанда төрешілердің шешімімен украиналық Сергей Деревянченконы жеңгені үшін иеленді. Сондай-ақ, Геннадийге IBO тұжырымы бойынша бос тұрған әлем чемпионы белбеуі де берілді.

Хабар 24 телеарнасы