385,01 426,40 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Регби-7: олимпиадаға іріктеу турниріне қатысатын құрам анықталды

  • 126
  • UPD: 11:55, 07.11.2019
Регби-7: олимпиадаға іріктеу турниріне қатысатын құрам анықталды ҚР ҰОК

9-11 қараша күндері Қытайдың Гуанджоу қаласында регби-7 спортынан олимпиадаға іріктеу турнирі өтеді.

Азия аймағындағы үздіктерге жолдама ұсынатын жарысқа Қазақстан құрамасы да қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қытайдағы іріктеу сынында Қазақстан атынан мына спортшылар бақ сынайды: Сымбат Жаманқұлова, Анна Яковлева, Лилия Базярук, Людмила Коротких, Нигора Нұрматова, Құндызай Бақтыбаева, Балжан Қойшыбаева, Дарья Ткачева, Вероника Степанова, Диана Әбішева, Карина Проскурина, Алина Аскерова. 

Команда бапкері – Валерий Попов. 

Қазақстан өз тобында Сингапур, Таиланд және Филиппин құрамаларымен кездеседі.   

Хабар 24 телеарнасы