384,67 428,48 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жәнібек Әлімханұлы қарсыласынан ауыр болып шықты

  • 173
Жәнібек Әлімханұлы қарсыласынан ауыр болып шықты Prosports.kz

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-тың Фресно қаласында титулды жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін екі боксшы Америкада салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Қазақстандық боксшының салмағы 159,8 фунтты (72,1 кг) құраса, Жәнібектің қарсыласы 71,6 кг болды.

Айта кетейік, Әлімханұлы 9 қараша күні АҚШ-та (Калифорния штаты) өзіне тиесілі WBC Continental Americas белбеуін қорғау үшін Нигериядан шыққан канадалық Альберт Онолуносемен (24-2-1, 8 КО) жұдырықтасады.

Хабар 24 телеарнасы