388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мбаппе «Реал» сапына ауысуды көздеп жүр

  • 98
  • UPD: 12:34, 09.11.2019
Мбаппе «Реал» сапына ауысуды көздеп жүр Eurosport

Франциялық шабуылшы Килиан Мбаппе ПСЖ ұсынған келісімшартты ұзартудан бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осылайша, 20 жастағы ойыншы клуб ауыстырғысы келетінін мәлім етті.

Жақында ПСЖ форвардқа жалақысы 50 млн еуро болатын бес жылдық келісімшарт ұсынған болатын. Алайда Мбаппе ұсыныстан бас тартты.

Бұған дейін Мбаппенің «Реал» сапына 2020 жылы ауысатынын жазған болатынбыз.

«Корольдік клуб» президенті Флорентино Перес футболшы үшін 230 млн еуро төлеуге дайын болған. Алайда ПСЖ президенті Нассер Аль-Хелаифи шабуылшыны сатудан бас тартты. 

Айтак кетейік, «Ювентус» те франциялық шабуылшы қатарға қосқысы келеді. Туриндік клуб футболшы үшін 380 млн еуро (трансфер, жалақы) беруге дайын екен. 

Хабар 24 телеарнасы