388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде футболдан аула клубтары арасындағы кубок пайда болды

  • 92
Елімізде футболдан аула клубтары арасындағы кубок пайда болды

Бастаманы ең алғаш елордадағы бұқаралық іс-шаралар өткізу дирекциясы қолға алды.

Олар қаладағы аула клубтары ішінде арнайы жарыс ұйымдастырды. Оған 800-ге жуық жасөспірім қатысып, 2 айға жуық өзара мықтыны анықтады. Нәтиесінде ең үздік деген 16 команда іріктеп алынып, «Астана-Арена» стадионында бас жүлдені сарапқа салды. Жарыс аясында жеңімпаз командан бөлек, ең үздік ойыншы, ең үздік шабуылшы және ең үздік қорғаушы атанған өрендерге де сыйлықтар табысталды. Енді дәл осындай форматтағы жарысты жыл сайын дәстүрлі өткізу жоспарланып отыр.

Берік Боромбайұлы, қалалық мәдениет және спорт басқарма басшысының орынбасары:

– Биыл бірінші рет өткізіп жатырмыз. Елорда іргесіндегі ауылдардың балалары да бар. Енді осылардың арасынан ұлттық құрамаға кіретін спортшылар шығады деп ойлаймын келешекте.

Хабар 24 телеарнасы