388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Роналдудың жеке шаштаразын өлтіріп кетті

  • 127
Роналдудың жеке шаштаразын өлтіріп кетті Prosports.kz

Туриндік «Ювентустің» шабуылшысы Криштиану Роналдудың бұрынғы стилисті Рикардо Маркес Феррейруді өлтіріп кетті, деп жазады Prosports.kz.

Шетелдік ақпарат құралдарының мәліметінше, 40 жастағы шаштараз 1 қараша күні Швейцарияның Цюрих қаласындағы қонақүйден өлі күйінде табылған.

Оның денесінде бірнеше пышақ жарақаттары болған. Қонақүй бөлмесінің барлық жерінде қанның іздері байқалған.

Кісі өлімі тіркелгеннен кейін екі күн өткенде, күдікті ретінде 39 жастағы бразилиялық азамат ұсталған.

Қылмыстың себептері әлі аталған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы