376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Луис Суарес карьерасын Дэвид Бекхэмнің клубында жалғастыруы мүмкін

  • 207
  • UPD: 23:10, 09.11.2019
Луис Суарес карьерасын Дэвид Бекхэмнің клубында жалғастыруы мүмкін Reuters

«Барселона» клубының шабуылшысы Луис Суарес карьерасын MLS-те жалғастыруы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz ESPN-ге сілтеме жасап.

Дереккөздің ақпараты бойынша 32 жастағы уругвайлық спортшы АҚШ-та ойнағысы келеді. Ал «Барселона» өз кезегінде ойыншыға қолдау көрсетуге және оны тегін жіберуге дайын. Суарестің каталониялық клубпен келісімшарты 2021 жылға дейін есептелген.

Уругвайлық футболшыға «Манчестер Юнайтед» пен мадридтік «Реал» және Дэвид Бекхэмнің «Интер Майами» клубтары қызығушылық танытып отыр.

Суарес «Барселона» құрамында 2014 жылдан бері өнер көрсетеді. Бұл клубпен бірге уругвайлық шабуылшысы Испания чемпионатында төрт рет жеңіске жетті, төрт рет ел Кубогының иегері болды, сондай-ақ 2014/15 маусымында Чемпиондар Лигасын жеңді.

Хабар 24 телеарнасы