422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемде тағы бір боксшы көз жұмды

  • 597
  • UPD: 07:37, 10.11.2019
Әлемде тағы бір боксшы көз жұмды

Әлемде боксшылардың өлімі көбейіп барады. Австралиялық боксшы Дуайт Ричи спаррингтен кейін көз жұмды.

Ричи өзінің отандасы Майкл Зерефамен жаттығып жүргенде денесіне ауыр соққы тиген.

Дуайт Ричи 6 желтоқсан күні жартылай орта салмақ дәрежесінде Томми Браун есімді боксшымен жекпе-жекке дайындалған. Ричидің артында үш баласы қалды.

Айта кету керек, Дуайт Ричи бала күнінде екі рет обыр дертімен ауырған екен, алайда ол екі ретте де аман-есен айығып кеткен.

Боксшы соңғы кездесуінде ресейлік-австарлиялық боксшы Тима Цзюден жеңілген.

prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы