422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әжіғалиев шорт-тректен әлем кубогінің келесі айналымына шықты

  • 502
  • UPD: 10:33, 10.11.2019
Әжіғалиев шорт-тректен әлем кубогінің келесі айналымына шықты

8 қараша күні Канаданың Монреаль қаласында шорт-тректен әлем кубогінің екінші айналымы басталды. Аталған сынға Қазақстан командасы да қатысып жатыр деп хабарлайды Olympic.kz

500 метрде сынға түскен Абзал Әжіғалиев іріктеу айналымын сәтті аяқтап, келесі кезеңге өтті. Ол 500 метрді 41.098 секунда жүгіріп өтіп, өз тобында көш бастаған.

Айта кетелік, Әжіғалиев АҚШ-та өткен әлем кубогінің алғашқы кезеңінде қола жүлдегер атанды. Канададағы әлем кубогіне Қазақстан сапынан төрт спортшы қатысуда. Олар Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев және Еркебұлан Шамұханов.

Хабар 24 телеарнасы