419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нурмагомедов бір бүйрекпен шығып шайқасқан файтерден жеңіліп қалды

  • 504
  • UPD: 14:48, 10.11.2019

Мәскеуде UFC Fight Night 163 турнирі өтті. Cайысқа Хабиб Нурмагомедовтың немере інісі Абубакар да қатысқан еді.

Нурмагомедовтың қарсыласы Германиядан келген Давид Завада болды. Жекпе-жек кезінде «тейкдаунмен теңкитемін» деп ойлаған Нурмагомедовтың ойы іске аспай, дағыстандықтың айласы өзін күйреуге ұшыратты. Ақыры Давид Завада қарсыласының басын аяқпен жасаған үшбұрыштың арасына тығып қылғындырды. Германиялықтың сабмишн әдісінен сабыры қашқан Нурмагомедов жекпе-жекте қарсыласынан жеңілгенін мойындап, қолмен белгі берді. Сөйтіп, оған тейкдаун да, турнирге келген Хабиб та, оның әкесі Абдулманап Нурмагомедов те көмектесе алмады.

Айта кету керек, Давид Завада бала күнінде сырқаттанып, бір бүйректің жартысынан көбін операциямен алдырып тастаған. Сол кезден бері дәрігер оған өзін өзі күтінуі керектігі туралы кеңес берген екен.

YouTube

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы