423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Моңғолияда бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды

  • 969
  • UPD: 15:38, 10.11.2019
Моңғолияда бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды

Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда жастар арасында бокстан Азия чемпионатының іріктеу раундтары басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарысқа Азия елдерінен 2001-2002 жылдары туылған ең мықты боксшылар қатысады. Олар: 49 кг, 52 кг, 56 кг, 60 кг, 64 кг, 69 кг, 75 кг, 81 кг, 91 кг, +91 кг салмақ дәрежесінде сыға түседі. Қыздар үшін: 48 кг, 51 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 64 кг, 69 кг, 75 кг, 81 кг, +81 кг дейін жарыстар өтеді.

Азия чемпионатының кестесі:

10 қараша - жарыстың салтанатты ашылуы, іріктеу жекпе-жектері.

11 қараша - іріктеу жекпе-жектері.

12 қараша - іріктеу жекпе-жектер

13 қараша - ширек финал.

14 қараша - ширек финал.

15 қараша - демалыс күні

16 қараша - жартылай финал

17 қараша - Қорытынды, жабылу салтанаты

Хабар 24 телеарнасы