384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Юрий Юрков Олимпиада ойындарына жолдама алды

  • 237
Юрий Юрков Олимпиада ойындарына жолдама алды Olympic.kz

Дохада нысана көздеу бойынша Азия чемпионатында үш позициядан (50 метр) шағын калибрлі мылтықтан ату бойынша ерлер арасындағы жарыс аяқталды.

Қазақстандық Юрий Юрков аталған санат бойынша Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Азия біріншілігінде алтыншы орын алған Юрий Юрков Токио Олимпиадасының жолдамасын иеленді. Олимпиадалық квалификация ережесіне сәйкес, құрлықтық біріншілікте 3 жолдама сарапқа салынды. Жолдамаға ие болу үшін үздік үштік қатарынан көріну керек болатын. Азия чемпионатында жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшыларда Олимпиадаға жолдама болғандықтан, лицензия автоматты түрде алтыншы орынға дейінгі спортшыларға үлестірілді. Осылайша, Юрий Юрков #teamKZ қоржынына 23-ші жолдаманы салды.

Хабар 24 телеарнасы