18 қараша күні Испания астанасы Мадридте теннистен ерлер арасындағы ірі дода – Дэвис кубогі бәсексі басталады.
Olympic.kz Қазақстан командасының жарыс кестесін назарларыңызға ұсынады.
19 қараша күні қазақстандықтар Нидерланд командасына қарсы ойнайды. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 16:00-де басталмақ.
21 қараша күні Қазақстан мен Ұлыбритания арасында кездесу өтеді. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 16:00-де басталады.
Айта кетелік, Қазақстан атынан турнирге төрт спортшы қатысады. Олар: Михаил Кукушкин, Александр Бублик, Александр Недовесов, Андрей Голубев және Дмитрий Попко.