425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан грек-рим күресінен әлем кубогына қатысады

  • 577
  • UPD: 09:24, 13.11.2019
Қазақстан грек-рим күресінен әлем кубогына қатысады

28-29 қараша күндері Иран астанасы Тегеранда грек-рим күресінен әлем кубогы өтеді, деп хабарлады Prosports.kz.

Әлем кубогында Нұр-Сұлтанда өткен әлем чемпионатынан соң үздік сегіздікке енген командалар бақ сынайды.

Қазақстан балуандары Ресей, Иран және Куба құрамаларымен бірге «А» тобына түсті. «В» тобында Өзбекстан, Грузия, Жапония және Венгрия командалары бар. 

Балуандар алғашқы матчты Кубаға, екінші кездесуді Ресейге қарсы өткізсе, үшінші кездесуде Иранмен жолығады. 

Әзірге аталған кубоктік додаға қатысатын балуандар тізімі анықталған жоқ. Әлем кубогі он салмақ дәрежесі бойынша өтеді.

Хабар 24 телеарнасы