384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Айдос Ербосынұлы желтоқсанда титулды жекпе-жек өткізуі мүмкін

  • 189
  • UPD: 14:04, 13.11.2019
Айдос Ербосынұлы желтоқсанда титулды жекпе-жек өткізуі мүмкін

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (12-0, 8 КО) желтоқсан айының соңында WBC Asia, WBA Inter-Continental және WBO Global титулын қорғауы мүмкін, деп хабарлады Prosports.kz.

Қазақстандық боксшы АҚШ-та, Испанияда және Ресейде мемлекетінің бірінде жұдырықтасады.  

Қазіргі таңда Ербосынұлы Америкада жаттығып жатыр.

Айта кетейік, соңғы жекпе-жегінде Айдос Сиднейде жергілікті боксшы Рокки Джеркичпен (17-1, 13 КО) қолғап түйістіріп, төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті. Осылайша отандасымыз үш бірдей белбеуін (WBO — WBO Global, WBA International және WBC Asia Continental) қорғады.

Хабар 24 телеарнасы