384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мадияр Әшкеевке жекпе-жек өткізуге тыйым салынды

  • 220
Мадияр Әшкеевке жекпе-жек өткізуге тыйым салынды prosports.kz

Гавайан Гарденс (Калифорния штаты) қаласында қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев кәсіби рингтегі кезекті айқасын өткізген болатын.

Әшкеев 43 рет жеңіске жеткен аргентиналық боксшы Родольфо Эзикель Мартинеспен сынға түсті.

Бесінші раундта жерлесіміз қарсыласын төрт рет нокдаунға жіберді. Алтыншы раундта Мартинестің командасы рингке шығудан бас тартты.

BoxRec порталының мәлімдеуінше, Калифорния штатының Атлетикалық комиссиясы қазақстандық боксшыға осы жылдың 15 қарашасына дейін жекпе-жек өткізуге тыйым салды. Ал Мартинес 24 желтоқсанға дейін шаршы алаңға оралмайды.

Мұндай шеттету спортшылардың жекпе-жектен кейін қалыпқа келуі үшін жасалады.

Ақпарат көзі: prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы