384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкинді жекпе-жекке шақырған WBO чемпионы Қанат Исламмен жұдырықтасуы мүмкін

  • 209
  • UPD: 11:13, 14.11.2019
Головкинді жекпе-жекке шақырған WBO чемпионы Қанат Исламмен жұдырықтасуы мүмкін prosports.kz

Бірінші орта салмақтағы WBO чемпионы Хайме Мунгия (34-0, 27 КО) 11 қаңтарда Сан-Антониода (АҚШ) шаршы алаңға шығады, деп хабарлады Prosports.kz.

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионының қарсыласы әзірге белгісіз. 

Boxingnews24.com журналисі Арагон Гарсияның болжамынша, егер Мунгия 160 фунтқа көтерілер болса, Джефф Хорн, Уолтер Каутондоква, Лиам Уильямс, Имманувел Алим, кіші Уго Сентено, Энтони Фаулер, Брэндон Адамспен, қазақстандық боксшы Қанат Исламмен жұдырықтасуы мүмкін.

Айта кетейік, Головкин мен Мунгия былтыр кездесуі мүмкін болған. Алайда мамырда Невада штатының Спорт комиссиясы 21 жастағы мексикалық боксшының кандидатурасын қабылдамады.

Хабар 24 телеарнасы