384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚХЛ: «Барыс» Мәскеудің «Динамосына» жол берді

  • 183
  • UPD: 11:26, 15.11.2019
ҚХЛ: «Барыс» Мәскеудің «Динамосына» жол берді Prosports.kz

«Барыс» құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында Мәскеудің «Динамосына» қонаққа барып, овертаймда жеңіліп қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елорда командасы сапынан Никита Михайлис пен Леонид Метальников мергендік танытып, негізгі кезең 2:2 есебімен тең аяқталды. Овертаймда «Динамоның» жолы болды. Дмитрий Яшкин Мәскеулік клубқа жеңіс сыйлады. «Барыс» енді алдағы үш кездесуін елордада өткізеді. 19 қарашада Андрей Скабелка шәкірттері Екатеринбургтің «Автомобилистін» қабылдайды. Матч кешкі жеті жарымда басталады. Сосын «Ақ барыс» пен «Амур» қонаққа келеді. Қазір елорда хоккейшілері шығыс конференциясында 33 ұпай жинап, төртінші орында тұр.

Хабар 24 телеарнасы