384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуро-2020: Роналду хет-трик жасады

  • 228
  • UPD: 11:11, 15.11.2019
Еуро-2020: Роналду хет-трик жасады Sportarena.com

Еуро-2020 іріктеу кезеңінде Португалия құрамасы өз алаңында Литва командасын ойсырата жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

B тобындағы кездесу Фару қаласында өтіп, 6:0 есебімен аяқталды. Португалия құрамасы сапында «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду хет-трик жасады. Жартылай қорғаушылар Пицци мен Бернарду Силва, сондай-ақ форвард Гонсало Пасьенса бір голдан салды.

Осылайша команда Еуропа чемпионатына шығу мүмкіндігін сақтап келеді. 17 қарашада өтетін турдағы соңғы іріктеуде португалиялықтар Люксембургпен ойнайды. 

Еске салайық, Қазақстанның футбол құрамасы 16 қарашада Сан-Марино, ал 19 қарашада Шотландияға қарыс матч өткізеді. Екі ойын да қарсылас алаңында. 

Хабар 24 телеарнасы