424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

15 қазақстандық боксшы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

  • 1129
  • UPD: 16:01, 15.11.2019
15 қазақстандық боксшы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлады Prosports.kz.

15 қазақстандық боксшы чемпионаттың 1/2 финалына шықты. Бұл боксшылардың қатарында 9 жігіт және 6 қыз бар.

Жартылай финалға жеткен жігіттер: Базарбайұлы Мұхаммедсабыр (49 келі), Махмуд Сабырхан (52), Бейбарыс Жексен (56), Дархан Дүйсебай (64), Марғұлан Айдарұлы (69), Азамат Бектас (75), Ерасыл Жақпеков (81), Тоғамбай Сағындық (91) және Сабырғали Аманат (+91).

Ал қыздардан Анель Сақыш (51 келі), Ұлжанай Мамұтова (60), Мая Бейсебаева (69), Арайлым Бақытжанқызы (81) және Гүлсая Ержан (+81) жартылай финалға шықты.

Хабар 24 телеарнасы