384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жанқош Тұраров «Golden Contract» турниріне қатыспайды

  • 219
  • UPD: 16:21, 16.11.2019
Жанқош Тұраров «Golden Contract» турниріне қатыспайды prosports.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров (24-0, 17KO) «Golden Contract» турнирінің 1/4 финалына қатыспайтын болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

MTK Global ұйымдастырып отырған бұл турнирдің ережесіне сай ширек финалдық кездесулер осы жылдың қазан-қараша айында өтуі тиіс болатын. 

Бұған дейін, 22 қарашада Лондондағы «York Hall» фитнес-орталығында өтетін бірінші орта салмақ дәрежесінің 1/4 финалында Жанқош Тұраров өнер көрсетеді деп жарияланған еді. Қарсыластар бокс кешіне бір апта қалғанда жеребе арқылы анықталады деп жоспарланған. Алайда белгісіз себептермен Тұраров қатыспайтын болды. Тұраровтан бөлек, швециялық Энтони Йигит (24-1-1, 8КО) те турнирге қатыспайды. 

Ал олардың орнына британиялық қос боксшы Киран Гетинг (9-2-1, 2 КО) пен Майки Сакий (8-2, 4 КО) бокс кешінде өнер көрсететін болды.

Хабар 24 телеарнасы