384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық боксшы өзбекстандық әлем чемпионын нокдаунға түсірді

  • 318
  • UPD: 11:36, 17.11.2019
Қазақстандық боксшы өзбекстандық әлем чемпионын нокдаунға түсірді vesti.kz

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Ұлан-Батырда (Моңғолия) өтіп жатқан Азия жастар чемпионатының финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Турнирдің жартылай финалында 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Махмұд Сабырхан биыл Бангкокта өткен (Таиланд) ересектер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы, өзбекстандық Миразизбек Мирзахалиловпен кездесті.

Үшінші раундта қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға түсіріп, төрешілердің шешімімен жекпе-жекте жеңіске жетті.

2019 жылғы Азия жастар чемпионатының финалында Сабырхан Таиланд өкілі Суравут Суктетпен жұдырықтасады.

Хабар 24 телеарнасы