377,29 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан велоспорттан олимпиаданың үш жолдамасына қол жеткізді

  • 465
Қазақстан велоспорттан олимпиаданың үш жолдамасына қол жеткізді ТАСС

Қазақстан тас жолдағы велоспорттан 2020 жылғы Токио олимпиадасына үш жолдама ұтып алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлемдік рейтинг қорытындысы бойынша еліміздің велоспортшылары 19-орыннан көрінді. Бұл нәтиже кешенді сынға үш спортшы апаруға мүмкіндік береді. Халықаралық велоспорт одағы Қазақстан құрамасына олимпиаданың үш жолдамасы бұйырғанын ресми бекітті. Енді Жапония астанасындағы ойындарға кімдердің баратынын жаттықтырушылар штабы анықтайды. Токиода әлемнің 197 велоспортшысы сайысқа түседі. Дәл қазір қазақстандық спортшылардың еншісінде олимпиаданың 28 лицензиясы бар.

Хабар 24 телеарнасы