384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ханс-Дитер Флик «Баварияның» бас бапкері болады

  • 125
Ханс-Дитер Флик «Баварияның» бас бапкері болады Униан

«Бавария» клубының басшылығы командаға бас бапкер болып Ханс-Дитер Флик тағайындалғанын мәлімдеді.

Ол жақында қызметінен босаған Нико Ковачтың көмекшісі болған еді. Флик жаңа жылға дейін «Баварияны» жаттықтырады. Бұл туралы клубтың басқарма төрағасы Карл-Хайнц Румменигге хабарлады. «Бавария» екі апталық үзіліс алдындағы соңғы ойында бундеслигадағы басты қарсыласы Дортмундтың «Боруссиясын» 4:0 есебімен ойсыра жеңді. Мюнхен командасы чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне де күні бұрын жолдама алды. «Бавария» бундеслигада топ басындағы Менхенгладбахтың «Боруссиясынан» төрт ұпай қалып, турнир кестесінде үшінші орында келеді.

Хабар 24 телеарнасы