376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропа чемпионатына қатысатын 17 құрама анықталды

  • 229
Еуропа чемпионатына қатысатын 17 құрама анықталды prosports.kz

2020 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінде бақ сынайтын 24 құраманың 17-сі анықталды.

Олар – Бельгия, Испания, Италия, Польша, Түркия, Ресей, Украина, Франция, Англия, Чехия, Швеция, Финляндия, Германия, Голландия, Хорватия, Австрия және Португалия.

20 команда ЕУРО-2020 турниріне тікелей жолдама алса, 4 құрама Ұлттар лигасы арқылы өтеді. Финалдық кезеңнің жеребесі 30 қараша күні тартылады.

Айта кетйік, Еуропа чемпионаты 12 маусым күні басталып 12 шілде күні аяқталады. Дүбірлі дода Еуропаның 12 қаласында: Санкт-Петербург, Лондон, Мюнхен, Баку, Рим, Бухарест, Дублин, Копенгаген, Будапешт, Глазго, Бильбао және Амстердам қаласында өтеді.

Ақпарат көзі: prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы