384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кавани Мессиді жекпе-жекке шақырды (видео)

  • 142
  • UPD: 11:05, 19.11.2019
Кавани Мессиді жекпе-жекке шақырды (видео) clarin.com

Тель-Авивте өткен жолдастық кездесуде Аргентина құрамасы мен Уругвай 2:2 есебімен тең тарқасты, деп жазады Prosports.kz.

Тартысқа толы кездесуде ойыншылар жаға жыртысуға дейін барды. Қос құраманың басты жұлдыздары Лионель Месси мен Эдинсон Кавани жасыл алаңда төбелесіп қала жаздады. Алайда командаластары бұған жол берген жоқ.

Командаластары сөзге келіп қалған қос ойыншыны ажыратқанымен, екеуі де ашуларын баса алған жоқ. Тіпті Кавани Мессиге ойыннан кейін жеке шығып төбелесуді ұсынған. Өз кезегінде аргентиналық та «жекпе-жекке» дайын екенін айтқан. Бірақ кездесуден кейін төбелес болған жоқ. Соған қарағанда Луис Суарес пен басқа ойыншылар бұндай келеңсіздіктің алдын алған көрінеді.

Хабар 24 телеарнасы