384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Футбол: бүгін Шотландия-Қазақстан кездесуі

  • 184
Футбол: бүгін Шотландия-Қазақстан кездесуі

«Қайрат» чемпиондар лигасына қатысады

Бейсенбі күні Алматыда футзалдан Еуропа чемпиондар лигасының элиталық кезеңі өтеді. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында «Қайрат» Испанияның «Эль Посо» мен Италияның «Песаросы» және Португалияның «Бенфикасымен» сынға түседі. Төрт мықтының ішінен бірінші орын алған команда ғана финалдық кезеңге жолдама алады. Қарсыластардың осалы жоқ. Бұл элиталық кезеңдегі ең мықты топ. «Қайрат» сапында Игита мен Дуглас жарақатынан әлі құлан таза айыққан жоқ. Тәжірибелі Тайнанда кетіп қалды. «Дегенмен жергілікті жанкүйерлердің алдында шәкірттерім аянып қалмайды», – дейді «Қайраттың» бас бапкері Кака. Ал клуб президенті Қайрат Оразбеков Тайнанның орнына мықты ойыншы іздестіріп жатқандарын айтады. Алматы командасы алғашқы кездесуін 21 қараша күні «Эл Посомен» өткізеді.

Игита, «Қайрат» командасының капитаны:

– Жарақатым әлі жазылмай тұр. Бірақ осындай жауапты кезеңде сылтау айтып жатып алғаным жарамас. Сондықтан ойын алдында дәрі ішсем де алаңға шығамын. Өйткені бұл жарыс біздер үшін маңызды. Сондықтан жергілікті жанкүйерлерді жерге қаратпауға тырысамыз.

Футбол: бүгін Шотландия-Қазақстан кездесуі

Бүгін Еуро-2020 турниріне іріктеу кезеңі аяқталады. Құрлық біріншілігіне 19 құрама жолдама алды. Соңғы жолдамадан Е тобындағы Венгрия, Уэльс, Словакия үмітті. Өзге топтарда үздіктер күні бұрын белгілі болды. Қазақстан ұлттық құрамасы іріктеу кезеңіндегі соңғы ойынын Шотландиямен өткізеді. Михал Билектен тәлім алатын команда Глазго қаласында жаттығуларын пысықтады. Бұл матчта Қазақстан жеңіске жетсе, өз тобында Бельгия мен Ресейден кейін үшінші орын алуы мүмкін. Сондықтан Чехиялық жаттықтырушы үш ұпай үшін алаңға шығамыз дейді. Жерлестеріміз «Астана-аренада» өткен ойында Шотландиядан 3:0 есебімен басым түскені белгілі. Сондықтан британия аралығының футболшылары да аянып қалмайды. Бұл кездесуге жарақатына байланысты Ян Вороговский қатыса алмайды. Жуковтың да жағдайы белгісіз. Шотландия-Қазақстан арасындағы матч түнгі 01:45-те басталады.

Дэвис кубогы: бүгін Қазақстан-Нидерланды кездесуі

Испания астанасы Мадридте теннистен Дэвис кубогы басталды. 18 құрама арасындағы бейресми әлем чемпионатына Қазақстан да қатысады. Диас Досқараев бастаған команда бүгін Нидерланды теннисшілерімен кортқа шығады. Ойын күндіз төртте басталады. Жаңа ереже бойынша алдымен екі жекелей ойын өтеді. Сосын жұптық сындағы матчтар бар. Қазақстан атынан Александр Бублик, Михаил Кукушкин, Александр Недовесов, Андрей Голубев және Дмитрий Попко ойнайды.

Теннистен Дэвис кубогы басталды

Дэвис кубогының ашылу салтанатынан кейін алғашқы кездесулер өтті. Күміс кубоктың қазіргі иегері Хорватия топтық кезеңдегі бірінші ойында Ресейден жеңіліп қалды. Есеп: 3:0. Бельгия Колумбияны ұтты. Италия теннисшілері канадалық қарсыластарынан ұтылды. Жекелей сындағы кездесулерде Фабио Фоньини Вашек Поспишилге есе жіберсе, Маттео Берреттини Денис Шаповаловтан жеңілді.

Хабар 24 телеарнасы