384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хоккей: «Барыс» елордада «Автомобилисті» ұтты

  • 168
Хоккей: «Барыс» елордада «Автомобилисті» ұтты Prosports.kz

Континентальдық хоккей лигасының матчында «Барыс» екатеринбургтік «Автомобилисті» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы период Питера Холланд соққан жалғыз шайбымен есте қалды. Бірінші үзіліске қонақтар есеп басымдылығымен кетті. Матчтің екінші бөлігінде Дмитрий Шевченко таразы басын теңестірді. Алайда, үшінші кезеңде «Автомобилист» матчта екінші мәрте есепте алға шықты. Елордалық команданың бұрынғы хоккейшісі Найджел Доус көзге түсті. Абырой болғанда, Линус Виделль қонақтар қақпасынан саңылау таба білді. «Барыс» матчта екінші мәрте есепті теңестірді. 

Қосымша уақытта қазақстандық команд үшін жеңіс алып келген шайбыны Даррен Диц соқты. 

22 қарашада Нұр-Сұлтанда «Барыс» қазанның «Ақ Барсымен» ойнайды.

«Барыс» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) - «Автомобилист» (Екатеринбург, Ресей) 3:2 ОТ (0:1, 1:0, 1:1, 1:0)

Шайбылар:

0:1 — 09:45 Холланд (Секстон, Литовченко)
1:1 — 29:13 Шевченко (Акользин, Метальников)
1:2 — 42:57 Доус (Мэйсек, Плэтт)
2:2 — 45:06 Виделль
3:2 — 60:57 Диц (Сагадеев, Охтамаа) 

Қақпашылар: Паскуале — Коварж

Хабар 24 телеарнасы