376,77 415,79 5,95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық үш таеквондошы Гран-при турнирінің финалына қатысады

  • 371
  • UPD: 14:27, 20.11.2019
Қазақстандық үш таеквондошы Гран-при турнирінің финалына қатысады

6-7 желтоқсан күндері Ресей астанасы Мәскеуде таеквондодан жылдың қорытынды рейтингілік турнирі өтеді.

Гран-при додасының финалдық бәсекесіне Қазақстан сапынан үш спортшы жолдама алған деп жазады Olympic.kz. 

Гран-при турнирінің финалдық кезеңіне қатысу үшін спортшылар рейтингте үздіктер қатарына енуі керек. Олимпиадалық рейтингке сәйкес, Дениз Жансель мен Смайыл Дүйсебай финалға тікелей жолдама алды. Ал Руслан Жапаров Қытайдағы Бүкіләлемдік әскерилер ойынында жеңіске жеткен соң ғана финалға қатысу мүмкіндігін иеленді.

«Мәскеудегі турнирде екі спортшымыздың Олимпиада жолдамасына қол жеткізетін мүмкіндігі бар. Егер Руслан Жапаров финалға шығып, өз салмағында жеңіске жетсе, 2020 жылғы Токио ойындарына лицензия алады. Ал Смайыл Дүйсебай ақтық сынға өтсе, финалда қандай нәтиже көрстеткеніне қарамастан, Олимпиада жолдамасына иелік етеді. Осы екі таеквондошымыздың мүмкіндігі әзірге жоғары. Ал Дениз Жансельдің жолдамаға ілігетін мүмкіндігі аз. Ол келесі жылдың сәуір айында өтетін Азия аймақтық іріктеу турниріне қатысады», – дейді команданың аға бапкері Батырбек Есдәулетов.  

Бұл күндері Дениз Жансель мен Смайыл Дүйсебай елде жаттығу өткізіп жатыр. Руслан Жапаров Оңтүстік Корея мемлекетінде дайындалуда.   

Хабар 24 телеарнасы