378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грэпплингтен Қазақстан құрамасы әлем біріншілігінде екінші орын алды

  • 410
Грэпплингтен Қазақстан құрамасы әлем біріншілігінде екінші орын алды

Грэпплингтен Қазақстан құрамасы жастар, жасөспірімдер және ардагерлер арасында өткен әлем біріншілігінде жалпыкомандалық есепте екінші орын алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жерлестеріміз Әзербайжан астанасы Бакуде ұйымдастырылған додада 27 алтын, 29 күміс және 49 қола медаль жеңіп алды. Грэпплинг қауымдастығының президенті Қанат Алин жарыс нәтижесінің көңілден шыққанын айтты.

Еске салайық, әлем біріншілігінде барлығы 900-ден астам балуан бақ сынаған.     

Қанат Алин, ҚР грэпплинг қауымдастығының президенті:

– Бірінші орын алған Ресей құрамасы бізден 1,5 есе көп алтын медаль жеңіп алды. Олар әзірге бізден мықтырақ, алайда жақсы жекпе-жек өткізіп жүрген жігіттеріміз аз емес. Жалпы доданың нәтижесіне көңіліміз толады. Біздің қауымдастықтың қазіргі мақсаты – грэпплингтің бұқаралық сипатқа ие болуына жағдай жасау.

Хабар 24 телеарнасы