384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дэвис кубогы: Қазақстан Ұлыбританиямен кездеседі

  • 278
Дэвис кубогы: Қазақстан Ұлыбританиямен кездеседі m.cosmik.ru

Испания астанасы Мадридте теннистен Дэвис кубогының финалдық ойындары өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Қазақстан командасы Энди Маррей бастаған Ұлыбританиямен кортқа шығады. Е тобындағы шешуші матч күндіз сағат төртте басталады. Британия теннисшілері кеше Нидерланды командасынан басым түсті. Алдымен Энди Маррей Таллон Грикспордан айласын асырды. Есеп: 6:7, 6:4, 7:6. Сосын қызғалдақты елдің құрамасы қарымта қайтарды. Жекелей сындағы екінші ойында Робин Хас Дэниэл Эвансты жеңді. Есеп: 3:6, 7:6, 6:4. Жұптық сайыста Джейми Маррей мен Нил Скупски Уэс Колхоф - Жан-Жюльен Ройер жұбының осал тұсын тапты. Енді осы топтың мықтысы Қазақстан мен Ұлыбритания арасында анықталады. Жеңіске жеткен команда ширек финалда Аргентина, Германия, Чили құрамаларының бірімен кездеседі. 

Хабар 24 телеарнасы